Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер қайта тоқтатылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
FlyArystan Ақтаудан Дубайға ұшатын рейстерді қыркүйек ортасына дейін тоқтатты / Фото: shutterstock

FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстерін тоқтатты.

Шектеу 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің құнын айыппұлсыз толық көлемде билетті сатып алған орны бойынша қайтару қолжетімді», – деп хабарлады әуе компаниясы.

Бұған дейін де осы бағыттағы рейстер 21 шілде мен 31 тамыз аралығында тоқтатылған болатын. Ал 21 шілдеге дейін ұшақтар бұл бағытта бекітілген кестеге сәйкес ұшып келген.

Осыған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Дубайға ұшатын рейстер кестесінің өзгерткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз