Көлік автолизингпен жылына қанша пайызбен берілетіні нақтыланбақ

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қазақстанда құрастырылған көлік / Фото: Серікжан Қобланбаев

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі лизингке алынатын көліктің жылдық қанша пайызбен берілетінін нақтыламақ. Министрліктің арнайы бұйрығының түсініктемесі «Ашық НҚА» порталына жарияланғанымен, бұйрықтың өзі жүктелмеген. Министрліктің ресми сайтында да құжаттың өзі жоқ.

Осы құжат арқылы министрлік лизинг шарты бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі мен өзге де төлемдер мөлшерлерін белгілемек.

Бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев автолизинг бағдарламасы күзге қарай қайта қосылуы мүмкін екенін мәлімдеген. Өйткені салалық министрлік отандық автоөндірісті дамытып, қазақстандық көліктерді сатып алу тетіктерін жетілдіруге мүдделі.

Автолизинг тетігі 2025 жылғы 1 желтоқсанда пилоттық режимде жүзеге асқан еді. Алайда алғашқы айларда жүйе толық жұмыс істемей, құқықтық және техникалық кедергілерге тап болды. Сол себепті пилоттық жоба аясында бар-жоғы бір-екі автокөлік берілген.

 Qazaq Expert Club сарапшысы Әйгерім Ілиясова пилоттық жобаның сәтсіздікке ұшырауын лизингке алынған көліктің қымбатқа шығып кететінімен түсіндірген.

Сондай-ақ оқыңыз