ҰБТ-дан 140 бал жинаған 12 талапкер қандай университеттерді таңдады

2026 жылғы ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған 12 талапкерлердің тең жартысы «Халықаралық қатынастар және дипломатия» мамандығын таңдады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі 7 тамызда білім беру гранттары иегерлерінің ресми тізімін жариялаған еді. Тізімге сәйкес, ең жоғары балл иегерлері білім беру бағдарламаларының 6 бағыты бойынша грантқа ие болды:
«Халықаралық қатынастар және дипломатия» бағытын Жасур Нышанбаев, Нұрғанат Қанат, Назерке Сәрсенбай, Іңкәр Қыдырбек, Жандос Нұрбаев және Ерасыл Сайлауов таңдады. Олардың алтауы да Maqsut Narikbayev University (MNU) студенті атанды.
«Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» мамандығын Әли Лоян (SDU University) және Айсұлтан Жаңбырбай (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) таңдады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» мамандығын Әлфия Балхан (SDU University) таңдады.
«Аударма ісін» Қаусар Алтынсары (Maqsut Narikbayev University), «Менеджмент және басқару» саласын Әсет Әлтайыр (Maqsut Narikbayev University), «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» мамандығын Айдос Марат (Қазақстан-Британ техникалық университеті) таңдады.
Осылайша, 140 балл жинаған рекордшылардың 8-і – Maqsut Narikbayev University, 2-уі – SDU University, ал қалған екі талапкер – ЕҰУ мен ҚБТУ гранттарын иеленді.
Айта кетейік, 2026-2027 оқу жылына бакалавриатқа шамамен 75 мың білім беру гранты бөлінді. Ал конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш түскен.