Хакерлер БАӘ-нің авиациясы мен энергетикасына шабуыл жасады

Біріккен Араб Әмірліктері елдің авиация, энергетика және білім беру салаларына бағытталған үйлестірілген кибершабуылдар сериясының бетін қайтарды, деп жазады Anadolu.
Шабуылдың ауқымы мен сипаты
БАӘ-нің Киберқауіпсіздік кеңесінің мәліметінше, хакерлер мемлекеттік ІТ-инфраструктура мен жабық сандық желілерге кіру үшін заманауи тәсілдерді, соның ішінде операторлық деректерді қолды ету мен фишингтік әдістерді қолданған. Шабуылдың басты нысаны елдің маңызды инфрақұрылымдары болды.
Ұлттық киберқорғаныс жүйесінің жедел әрекет етуінің арқасында кибершабуылдар маңызды қызметтердің жұмысына нұқсан келтірмей тұрып тоқтатылды.
Мамандар шабуыл бағыттарын жедел анықтап, қауіп-қатердің бетін қайтару үшін техникалық шараларды қабылдады. Қазіргі таңда шабуылдың артында кімдер тұрғаны және оны кім қаржыландырғаны ресми түрде жарияланған жоқ.
Кеңес өкілдері ұлттық киберқауіптерге қарсы әрекет ету жүйесі жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
«Шабуылдар анықталған бойда бірден тоқтатылды. Сонымен қатар жүйелерді қорғау және қауіпті оқшаулау шаралары қатар жүргізілді. Осының арқасында қаскөйлер көздеген мақсатына жете алмады, ал зардап шеккен салалардың қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысы толық қамтамасыз етілді», – делінген хабарламада.