Алматыда 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты: полиция тергеу бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда көпқабатты тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға орын алды. 17 жастағы бойжеткен терезеден құлап, қаза тапты. Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы «Алма сити» тұрғын үй кешенінде болған. 

Қайтыс болған қыздың анасының айтуынша, бойжеткен құрбыларына қонаққа барған. Телефон арқылы сөйлесу кезінде анасы қыздардың ішімдік ішіп отырғанын біліп, қызына ұрысқан.

Анасымен сөйлескеннен кейін бойжеткен жігітіне хабарласып, өзін үйге алып кетуін өтінген. Жігіт тұрғын үй кешеніне жеткенімен, пәтерге көтеріліп үлгермей, бойжеткен терезеден құлап кеткен.

Алматы қалалық Полиция департаменті кәмелетке толмаған қыздың қаза болу фактісі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша Наурызбай аудандық Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мотиві мен мән-жайы анықталып жатыр» – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұрын да осыған ұқсас жағдай болған еді. 22 жастағы Ақнәр Гүлстан Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінен жетінші қабатынан құлап, мерт болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз