Қазақстандықтар 2027 жылдан Temu мен Pinduoduo-дан алған тауарына баж салығын төлейді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Жаңа салық қашан күніше енеді / Фото: shutterstock

2027 жылдан 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де тұратын халық шетелдік маркетплейстерден тауар алғанда 5 пайыз баж салығын төлемек. Бұл өзгерістер Pinduoduo, Temu, Amazon және AliExpress сияқты танымал шетелдік интернет-дүкендерден жиі тапсырыс беретін қазақстандықтарға тікелей қатысты.

Әуелде шетелдік онлайн-платформалардан келетін сәлемдемелерге қатысты жаңа тәртіпті 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізу жоспарланған. Алайда кейінге қалдырыған. Оған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірінде Кеден кодексіне енгізілетін түзетулерді ратификациялау процесінің толық аяқталмауы себеп болды.

Қазіргі кезде хаттаманы Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан толық ратификациялаған. Құжат тек соңғы ратификациялық грамота Еуразиялық экономикалық комиссияға түскеннен кейін заңды күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің Қырғызстанда өткен отырысында одаққа мүше елдердің үкімет басшылары жаңа нормаларды 2027 жылдың 1 қаңтарынан енгізуге келіскен.

Жаңа ереже күшіне енгеннен кейін шетелдік маркетплейстерден бажсыз тауар әкелу шегі 200 еуро деңгейінде сақталады.

Егер сатып алған тауардың құны 200 еуродан асып кетсе, асып түскен сомаға 5 пайыз мөлшерінде, бірақ килограмына кемінде 1 еуро бірыңғай баз салығы салынады. Бұдан бөлек, Қазақстанда мұндай тауарлар үшін 16 пайыз мөлшерінде қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады.

Сондай-ақ оқыңыз