Қазақстанда ұлын іздеп жүрген америкалық аштық жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Американец объявил голодовку из-за бездействия полиции Алматы
Фото: nypost.com, бильд-редактор: Дастан Шанай

АҚШ азаматы Гийом Гарро Алматы прокуратурасының ғимаратына келіп, аштық жариялады. Ол полиция 5 жасар ұлын іздеуде енжарлық танытып жүр деп есептейді, осы арқылы құзырлы органдар назарын аудармақшы. Оның бұрынғы жұбайы, Қазақстан азаматы Сана Оңаева ұлын елге алып кеткен. Сот баланы әкесіне қалдыру туралы шешім шығарған, бірақ экс-әйелінің де, баланың да қайда кеткені белгісіз.

40 жастағы азаматтың сөзінше, аштық жариялаудан басқа амалы қалмаған.

«Мен аштық жариялайын деп жариялаған жоқпын. Осы арқылы биліктің назарын аударғым келеді. Ұлым жоғалып кетті, бірақ еш әрекет жоқ. Әр күн маған да, оған да азап болып жатыр», – дейді Гарро.

Аутизм спектрінің бұзылысы бар ұлы Максимилианды 2024 жылдың наурызынан бері көрмеген. Бұрынғы жұбайы балаға дұрыс қарамай, денсаулығына зиян келуі мүмкін деп қауіптенеді. Осы уақытқа дейін баласын іздеу үшін 250 мың доллар жұмсағанын айтады.

Кішкентай Максимилиан мен оның анасын 24 шілдеде тапқаны хабарланған. Бірақ әйел баланы алып, полиция бөлімшесіне келген жедел жәрдем көлігіне отырып қашып кеткен.

Гарро Гийом Жозефтің оқиғасы жайлы бұған дейін бірнеше рет жазған едік. Гарро Гийом Жозеф пен Оңаева Сана АҚШ-та некелескен. Екі жыл өтпей жатып ажырасады.  2024 жылы Сана Оңаева Наурыз мерекесіне ұлымен Қазақстанға барып келуге рұқсат сұрайды, бірақ сол күйі АҚШ-қа қайтпай қояды.

Сондай-ақ оқыңыз