Полиция: «Қайрат» – «Левски» матчында арандатуға жол берілмейді

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Түркістан арена
Матч «Түркістан Арена» стадионында өтеді / фото: Айбар Рысдәулет, Яндекс

11 тамызда кешке Түркістан қаласында «Қайрат» пен «Левски» командалары кездеседі. Полиция ойын қарсаңында жанкүйерлерге үндеу жасады.

УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында кездесу «Түркістан Арена» стадионында кешкі сағат 20:00-де басталады. Құзырлы органдар тәртіпті қадағалайды. Полиция қалада адам көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

Шешуші матч қарсаңында полицейлер тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға кеңес берді.

Футбол матчын тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылық әрекеттерге жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз, – дейді тәртіп сақшылары.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» Болгарияда өткен алғашқы кездесуде «Левскиден» 1:0 есебімен жеңіліп қалған. Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өту үшін алматылық клубқа тек қана жеңіс қажет.

Тақырыпқа орай: «Қайрат» – «Левски» матчын қайдан көруге болады

Сондай-ақ оқыңыз