Отшашу атқан Бурабайдағы Rixos қонақүйінің иесіне айыппұл салынды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Бурабайдағы Rixos қонақүйінің иесіне отшашу үшін айыппұл салынды
Бурабайдағы Rixos қонақүйінің иесіне отшашу үшін айыппұл салынды / Фото: Shutterstock

Өрт қаупі жоғары кезеңде отшашу ұйымдастырғаны үшін Rixos Lake Borovoe қонақүйінің иесі мен пиротехниканы іске қосқан компания жауапқа тартылды.

Отшашу «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне іргелес аумақта болды. Оның үстіне фейерверк желді күні атылған. Орман алқабындағы отшашудың видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап, халық арасында наразылық тудырды.

Нәтижесінде тәртіп бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 410-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құтқарушылар өрт қаупі жоғары кезеңде тілсіз жаудың шығуына себеп болуы мүмкін орындарда пиротехниканы пайдалануға қатаң тыйым салынатынын ескертеді.

Еске салайық, 9 тамызда Бурабай табиғи паркінде орман өртенген еді.

Сондай-ақ оқыңыз