СҚО-да кәсіпорын аумағында макулатура өртеніп, өрт ғимаратқа тарады
Жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының Прибрежное ауылында ірі өрт болды, деп хабарлайды ТЖМ.
Жұмыртқа науаларын өндіретін кәсіпорын аумағында қайта өңдеуге арналған макулатура өртенген. Өрт кәсіпорын ғимаратына тараған.
«Өртті сөндіруді қиындатқан фактор – қатты екпінді жел болды. Ол өрттің тез таралуына ықпал етіп, жақын орналасқан ғимараттар мен нысандарға қауіп төндірді», – деп хабарлады ТЖМ.
Өрттің аумағы 120 шаршы метрді құрады. Өрт басқа нысандарға таралмай тұрып сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.