Қазақстан Жапонияда өтетін Азия ойындарынан 99 медаль алуды көздеп отыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
REUTERS/Marko Djurica, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Азия ойындарына дайындалып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Спорт мерекесі – XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти мен Нагоя қаласында өтеді.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, сары құрлық додасына Азияның 45 елінен 15 мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыста спорттың 469 түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсуді жоспарлап отыр. Құраманың алдын ала тізіміне 571 спортшы енген. Бұл Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарындағы көрсеткіштен жоғары. Ол кезде Қазақстан атынан 523 спортшы өнер көрсеткен еді.

Ұлттық құраманы жасақтау кезінде спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері ескеріледі.

Министрлік тарапынан нақты медаль жоспары бекітіліп, оны орындау міндеті спорт федерацияларына жүктелді. Жоспарға сәйкес, Қазақстан құрамасы 99 медаль жеңіп алуды көздеп отыр.

Айта кететін жайт, Азия ойындарына қатысатын қатысатын дзюдошылардың аты-жөні аталды. Оның ішінде Елдос Сметов бар.

Сондай-ақ оқыңыз