Оңтүстікте 44 градусқа дейін ыстық болатынын ескертті

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Аптап ыстық көңіл-күйдің төмендеуіне әкеледі - зерттеу
Күн ысыған сайын өрт шығу қаупі де күшейе береді / фото: shutterstock

14-15-16 тамыз күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы 40 градустан жоғары көтеріледі. Оңтүстікте 44 градусқа дейін аптап ыстық болады. Соған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады.

14 тамызда Түркістан облысында күндіз 40-44 градус қатты ыстық болады. Шымкент қаласында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Өрт шығу қаупі жоғары.

Жұма күні Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 40-41 градус ыстық болады.

Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде де ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі.

Абай облысының оңтүстігінде де 40-41 градус ыстық болады.                 

14 тамызда Астана қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15 м/с дейін күшейеді. Өрт шығу қаупі бар. Ал Алматы қаласында 35-37 градус ыстық болады

Алдағы демалыс күндері де ауа температурасы 40 градустан жоғары көтеріледі. 15 тамызда Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 41 градус ыстық болады. 15-16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде температура 41 градусқа дейін көтеріледі.

15-16 тамызда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 43 градусқа дейін ыстық болады.

ТЖМ күн ысыған уақытта өрт шығу қаупі жоғарылай беретінін ескертіп отыр. Айта кетейік, бір күн бұрын Алматыда қойма өртеніп, қара күтін мегаполис аспанына көтерілген.

Сондай-ақ оқыңыз