Байлар қайтарған 7 млрд теңгеге Астанада жаңа мектеп салынады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
мектепке бөлінген қаржы
коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге Астана қаласында заманауи мектеп салуға бағытталады. 1200 оқушыға арналған жаңа ғимарат Нұра ауданында тұрғызылады. Бұл туралы Kursiv.Media үкімет мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба 2027 жылдың аяғына қарай аяқталады.

«Мектеп салу қажеттілігі халық санының өсуіне байланысты туындап отыр. Қазіргі уақытта құрылыс аумағында 4 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, алайда оқушы орындарының тапшылығы бар. Жаңа нысан елордадағы №84, №85, №89 және №97 мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», – деп таратты үкіметтің баспасөз қызметі.

Астанада жаңа мектеп салынады
инфографика: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет қайтарылған активтер азаматтарға маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталып жатқанын ескертті. Осы орайда Астана 610 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдаған.

Қаражат білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бөлініп жатыр. Білім беру саласында жалпы құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру мақұлданды. Ақша жаңа білім беру инфрақұрылымын салуға және балалар мен жастардың білім алуына заманауи жағдай жасауға бағытталды, деп таратты үкіметтің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қайтарған «Байсат» базары өз құнынан арзан бағаға сатылған. Алматыдағы әмбебап базарды кім сатып алғаны әзірге белгісіз.

Сондай-ақ оқыңыз