Дастан Сәтпаевтың профилі АПЛ-дің ресми сайтында пайда болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Дастан Сәтбаев, "Челси" футболшысы
фото: «Челси» ФК

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англия футболындағы толыққанды мансабының басталуына тағы бір қадам жасады.

Аmanvibe.kz мәліметінше, лондондық «Челсидің» 18 жастағы форвардының профилі Ағылшын Премьер-лигасының ресми сайтына шықты, деп хабарлады Kursiv.Media. Қазақстандық футболшы кәмелет жасына толып, ағылшын клубының құрамында ресми түрде тіркелу мүмкіндігіне ие болған.

Бұған дейін Сәтпаев әртүрлі халықаралық платформаларда және клубтық құжаттарда «Челси» құрамына енгізілген еді. Ал енді футболшы туралы ақпарат АПЛ-дің ресми ресурсында тұр.

Алматылық «Қайраттың» түлегінің «Челсиге» ауысқаны 2025 жылдың ақпанында жарияланды. 2026 жылдың жазында 18 жасқа толған Сәтпаев лондондық клубқа қосылып, команданың маусымалды оқу-жаттығу жиындарына қатысты.

«Челсидің» жазғы турнесі кезінде қазақстандық форвард бірнеше жолдастық матч өткізіп, аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы ойында ағылшын клубы сапындағы алғашқы голын соқты. Гол Sydney Super Cup турнирінде үздік деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыз