«Қайраттың» Еуропа лигасындағы қарсыласы белгілі болды
Жарияланды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының УЕФА Еуропа лигасы плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Отандық ұжым Бельгияның атышулы «Андерлехт» клубымен кездеседі, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алғашқы ойын 20 тамыз күні Алматыда, ал қарымта матч 27 тамыз күні Бельгияның Брюссель қаласында өтеді.
«Андерлехт» Бельгия футболының атышулы әрі жүлдесі ең көп клубтарының бірі. Олар ел чемпионатын 34 рет жеңіп алып, Бельгия Кубогын 9 рет иеленген. Өткен маусымда Бельгия Про-лигасында 4-орынға табан тіреген.
Екі кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұжым Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, болгариялық «Левски» клубынан жеңіліп қалған еді.