Мәуліт айы басталды: қандай сауап амалдар жасаған дұрыс

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Бас мүфти Мәуліт айында жасалатын сауап амалдарды атады / Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Мәуліт – ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің дүниеге келген күнін атап өтетін қасиетті мереке. Бас мүфти осы айтулы күнге орай барша мұсылман қауымына ізгі тілегін жеткізді.

Бас мүфти Мәуліт айында салауат айтудың маңызына тоқталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мәуліт айының мән-маңызына тоқталып, бұл кезеңде Пайғамбар Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі мен сүннетін насихаттаудың маңызын атап өтті.

Мәуліт айының мәні қандай

Бас мүфтидің айтуынша, Мәуліт айы – Алла елшісінің өнегелі өмірін, сүннет амалдарын және исламның асыл құндылықтарын насихаттауға мүмкіндік беретін кезең.

Бұл айда мешіттерде Аллаға мадақ айтылып, Пайғамбарымызға салауат жолданып, Мәуліт жырлары оқылады.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Пайғамбарға салауат айтудың сауабы мол амал екенін атап өтті.

Бас мүфтидің айтуынша, бүкіл әлемге мейірім мен үлгі-өнеге ретінде жіберілген Пайғамбарымыздың сүннетін жаңғырту – сауап амалдардың бірі.

Ол барша мұсылманға, әсіресе ұрпаққа Пайғамбардың өнегелі өмірін үлгі ету маңызды екенін айтып, баршаға ізгі тілек білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз