Қарағандыда сауда орындарын тонау үшін магнит ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда бутиктен ұрлыққа қарсы құрылғыларды шешетін арнайы магнит ұрлаған күдікті ұсталды, деп жазады Kursiv.Media.
Polisia.kz хабарлауынша, полиция оның аталған құралды басқа сауда орындарынан тауар ұрлау үшін пайдалануды жоспарлағанын анықтады.
«Оқиға жергілікті сауда үйлерінің біріндегі бутикте болған. Сауда нүктесінің 46 жастағы иесі полицияға белгісіз адамның ұрлыққа қарсы жүйелерді шешуге арналған арнайы магнитті алып кеткені туралы арызданған. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған», – делінген полиция хабарламасында.
Күдіктінің жеке басы анықталып, ақыры ұсталған. 50 жастағы Қарағанды тұрғынын жеке тінтуі кезінде ұрланған магнит табылып тәркіленді. Аталған зат қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде тіркелді. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
ШҚО-да 73 жастағы зейнеткерді үйінің терезесінен кіріп, қорқытып тонап кеткен ұры сотталды.