Алматыда жарық сөнгенде метро тоқтап, адамдар тоннельден жаяу шыққан

Жарияланды
Қазақ редакциясының шеф-редакторы
Алматыда жарық сөнгенде метро тоқтап, адамдар шахтадан жаяу шыққан/видеодан жасалған скриншот/ЖИ арқылы өңделген

Алматыда жаппай жарық сөнген кезде метро жолдың бойында тоқтап қалып, жолаушылар шахтадан жаяу шыққан, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Желіде тараған видеолардан қара түнек басқан тоннельден адамдар шұбырып шығып жатқанын байқауға болады. Мұны көргендер жарық беріліп, пойыз жүріп кетсе, адамдар үшін қауіпті емес пе деп қорқынышын білдіріп жатыр.

Алматы метрополитені апаттық тоқтау кезінде ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

«Алматыда сыртқы электрмен жабдықтаудың толық өшуіне байланысты бүгін сағат 15:11-де метрополитен жұмысы уақытша тоқтатылды. Метро станциялары электрмен жабдықтау қайта қалпына келтірілгенге және контактілі рельске кернеу берілгенге дейін кіру мен шығу үшін уақытша жабылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Метрополитен жұмысының қайта басталуы туралы қосымша хабарланатыны айтылды.

2026 жылғы 14 тамыз сағат 14:38-де Алматы мен Алматы облысының тұрғындары жарықсыз қалды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, электр қуатының жаппай өшуіне Орталық Азияның энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз