Блэкаут: ҚазАвтоЖолдың бірыңғай байланыс орталығы істен шықты

«ҚазАвтоЖол» кәсіпорыны Алматы қаласы мен облысында жарық сөніп қалуына байланысты 1403 бірыңғай байланыс орталығы істемей тұрғанын хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
«Байланыс орталығының жұмысы толық қалпына келгенге дейін республикалық маңызы бар автожолдардың жай-күйі, қозғалысқа қойылған шектеулер және ақылы жолдар бойынша ақпарат алу үшін төмендегі резервтік нөмірге хабарласуларыңызды сұраймыз:
+7 705 927 14 03«, – деп таратты ҚазАвтоЖол.
Резерв нөмірге қоңырау шалу – тегін.
«ҚазАвтоЖол» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Кәсіпорын 1403 байланыс орталығының жұмысы қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, 14 тамызда түстен кейін Алматы қаласы мен облысында жарық сөніп, байланыс бірнеше сағатқа үзілді. Көрші Қырғызстан мен Тәжікстанда да жаппай блэкаут болды.