«Бернли» футбол клубы Дастан Сәтбаевты ресми түрде таныстырды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Дастан Сәтбаев «Бернли» футбол клубына ауысты / фото: Burnley

Ағылшындық «Бернли» футбол клубы ресми түрде Қазақстан құрамасының футболшысы Дастан Сәтбаевты таныстырды.

Жас дарын ағылшын гранды «Челси» клубынан «Бернлиге» бір маусымға жалға берілді.

«Бернли» өзінің ресми парақшасында: 

«Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтбаевтың «Челсиден» бір маусымдық келісім бойынша клубымызға қосылғанын хабарлауға қуаныштымыз!» — деп жазды.

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде үлкен ажиотаж тудырды. Жарияланғаннан кейін санаулы минуттар ішінде клубтың ресми парақшасына мыңдаған отандық жанкүйерлер пікір қалдырып, Дастанға сәттілік пен жеңіс тілеп жатыр.

Бернли» – Англияның Ланкашир графтығындағы дәл осы аттас шағын қаладан шыққан, британ футболындағы ең байырғы әрі тарихи ұжымдардың бірі. Клубтың негізі 1882 жылы қаланған және ол 1888 жылы әлемдегі тұңғыш кәсіпқой футбол лигасы — Англия Футбол Лигасын құрған 12 бастамашы ұжымның бірі болып саналады.

«Бернли» клубының тарихында айтулы жетістіктер де аз емес. Олар 1920/1921 және 1959/1960 жылғы маусымдарда Англия чемпионы атанса, 1913/1914 жылғы маусымда Англия Кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар екі рет Англия Суперкубогына қол жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыз