Белгілі ақын Бекжан Әшірбаев дүниеден озды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: ашық дереккөзден

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, еңбек сіңірген қайраткер, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бекжан Әшірбаев 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген.

Ол ғұмырының елеулі бөлігін журналистика саласына арнады. Әр жылдары «Қазақ университеті» газетінің бас редакторы, Azamat.kz апталығының бас редакторының бірінші орынбасары, «Ел мен Жер» басылымының бас редакторы, сондай-ақ «Жас қазақ үні» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінің бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Республикалық «Қазақ әдебиетi», «Жұлдыз», «Жас қазақ үнi», «Azamat.kz», «Парасат» басылымдарында топтама өлеңдерi жарияланды. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жарық көрген «Қоңыр әуен» өлеңдер кітабының және өзге де жыр жинақтарының авторы.

Kursiv.Media ұжымы марқұмның туған-туысқандары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады.

Сондай-ақ оқыңыз