Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатында 16 рекорд жаңартты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: ҚР Спорт комитеті

Қазақстанның жасөспірімдер және жастар арасындағы ауыр атлетика құрамасы Ташкентте өткен Азия чемпионатында 59 медаль жеңіп алып, 16 рекорд жаңартты. Оның ішінде 19 медаль – алтын, ал рекордтардың 11-і Азия, 5-еуі әлемдік деңгейдегі нәтиже болды, деп жазады Kursiv.Media.

Қазақстан құрамасы командалық есепте топ жарды

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар және 20 жасқа дейінгі жастар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Құрама спортшылары құрлық додасында жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның ауыр атлетикадағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Фото: ҚР Спорт комитеті

Снежана Кашкарова – чемпионаттың үздік спортшысы

Жарыста ерекше көзге түскен спортшылардың бірі – Снежана Кашкарова. Ол үш Азия және үш әлем рекордын жаңартып, чемпионаттың үздік спортшысы атанды.

Ал Ксения Прозорова жарыс барысында тағы екі әлем рекордын орнатты.

Қазақстан құрамасы Ташкенттегі додада жалпы 16 рекордпен есте қалды, спортшылар 11 Азия және 5 әлем рекордын жаңартты.

Сондай-ақ оқыңыз