Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот 18 тамызда басталады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: threads.com/@zeineladilet

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот басталмақ. Астана сотының хабарлауынша, алғашқы отырыс 18 тамызға белгіленген, деп жазады Kursiv.Media.

Астана сотының мәліметінше, іс бойынша алғашқы ашық сот отырысы 18 тамызда сағат 15:00-де өтеді. Сот отырысына БАҚ өкілдері қатыса алады.

Еске салайық, 8 қарашада Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған. Сол кезде көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлады. Олардың бірі – Ұлдана Қалдырханқызы 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.

Оның өлімінен кейін Президент жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Ал желтоқсанда Ұлдананың құрметіне Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы ғимаратының қабырғасына ескерткіш тақта ілінді.

Сондай-ақ оқыңыз