Агенттік қызметкерімін деп таныстырып, 15 млн бопсалаған түркістандық ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Түркістанда өзін Қаржы мониторинг агенттігінің қызметкерімін деп таныстырып, 15 млн бопсалаған екі адам ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Олар жалған құжат жасатып, агенттіктен келдік деп таныстырған. Медицина мекемелерін аралап, «заң бұзушылықтар анықтап», мекеме басшыларын қылмыстық жауапқа тартамыз деп қорқытқан. Бірақ сыйақы берсе, жағдай реттеуге болатынын айтып, ақша талап етеді.

«Екі адам өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолымен медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша алуға тырысқан. 5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен», – деп жазылған агенттік хабарламасында.

Күдіктілерді 8 тамызда Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен өкілдері ұстады. Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Азаматтар қаржылық мониторинг органдарына тек сотқа дейінгі тергеу аясында тарттырылады. Шақыру заңда белгіленген тәртіппен ресімделіп, арнайы ресми шақыру қағазы арқылы ғана жіберіледі деп ескертеді агенттік өкілдері.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанға 37,2 млрд теңгенің жанармайын өткізбек болған топ ұсталды

Сондай-ақ оқыңыз