Елена Рыбакина WTA чемпиондық үшін таласта көш бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
лена Рыбакина выиграла второй матч на турнире в Канаде
Елена Рыбакина WTA чемпиондық үшін таласта көш бастады / фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтодағы финалдан кейін WTA чемпиондық жарысында қайтадан бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Kursiv Media Қазақстан теннис федерациясына сілтема жасап.

Канададағы беделді жарыста отандық теннисші финалға дейін жетіп, чемпиондық кестеде бірден екі сатыға жоғарылады. Осылайша, Рыбакинаның қоржынында қазір 5277 ұпай бар.

Жарыс кестесіндегі екінші орынға 5065 ұпай жинаған беларусьтік Арина Соболенко жайғасты. Ал бұған дейін көш бастап келген ресейлік Мирра Андреева 5064 ұпаймен үшінші сатыға сырғыды. Торонто турнирінің чемпионы атанған польшалық Ига Швёнтек екі сатыға көтеріліп, 2954 ұпаймен оныншы орынға тұрақтады.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева бір позициясын жоғалтып, 760 ұпаймен WTA чемпиондық жарысында 57-орынға орналасты.

Айта кетейік, WTA чемпиондық жарысы спортшылардың тек ағымдағы маусымдағы нәтижелерін есепке алады. Осы рейтингтің қорытындысы бойынша маусым соңындағы WTA Сонғы турниріне қатысатын теннисшілер анықталады.

Сондай-ақ оқыңыз