Астанадағы ойын алаңында бес жасар баланы тоқ соқты

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Астана ойын алаңында бес жасар баланы тоқ соқты
Астана ойын алаңында бес жасар баланы тоқ соқты / Фото: Анна Попова

Астанада ойын алаңында бес жасар баланы тоқ соқты. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«Балаға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сарайшық ауданы әкімдігінің түсіндіруінше, құрылыс компаниясына кабельді тиісті түрде төсеп, көму қажеттігі бірнеше рет ескертілген. Шілде айының соңында мемлекеттік орган өкілдері аумақты тексеріп шыққан. Компанияға кабельге қатысты бұзушылықты жою қажеттігі қайта ескертіліп, сонымен қатар жұмыс сапасына қатысты басқа да ескертулер айтылған.

«Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кабель ажыратылып, қазір айналадағыларға қауіп төндірмейді», – деп толықтырды әкімдіктен.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 16 тамызда А-105 көшесіндегі №11 үйдің жанындағы балалар алаңында 5 жасар ұлды тоқ соққаны туралы ақпарат тараған еді.

Сондай-ақ оқыңыз