Құрылтай сайлауында Алматыда автобус пен метрода жүру тегін болады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Алматы қаласындағы автобус аялдамасы
фото: shutterstock

Құрылтай сайлауында Алматыда автобус пен метрода жүру тегін болады. Бұл туралы Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, сайлау күні қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында жол жүру тегін болады. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын сапарын алдын ала жоспарлап, дауыс беру күні қала ішінде қолайлы қатынау үшін қоғамдық көлікті пайдалануға шақырады.

Еске салайық, астаналықтар бір күн қоғамдық көлікте тегін жүре алады.

Сондай-ақ оқыңыз