Қарағандыда бес жасар баланы бұтақ басып қалды
Жарияланды
(жаңартылды )

Қарағандыда бес жасар баланың өліміне қатысты мән-жайлар тексеріліп жатыр. Оқиға 16 тамыз күні кешке Пришахтинскінің 23-шағынауданында қатты жел соққан кезде болған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ағаш бұтағы құлаған кезде бүлдіршін аулада болған. Алған жарақаттарынан бала қайтыс болды.
«Баланың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, бар ақпаратқа сәйкес, бұған дейін ағаш қураған немесе апатты деп саналмаған. Оның барлық бұтағы жасыл болған.
Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер әзірге жарияланбайды. Тергеу жалғасуда.