17 тамызда Қазақстанда 12 орман өрті анықталды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
17 тамызда Қазақстанда 12 орман өрті анықталды / Фото: ТЖМ

Өрттер «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің әуеден патрульдеуі және мемлекеттік орман қорғау қызметінің жердегі патрульдеуі кезінде уақтылы анықталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, өрт өңірлер бойынша тіркелді:

  • Шығыс Қазақстан облысы — 1 өрт;
  • Ақтөбе облысы — 1 өрт;
  • «Бурабай» МҰТП — 1 өрт;
  • Қарағанды облысы — 2 өрт;
  • «Қарқаралы» МҰТП — 2 өрт;
  • «Катонқарағай» МҰТП — 1 өрт;
  • «Ертіс орманы» МОРР — 2 өрт;
  • «Семей орманы» МОРР — 2 өрт.

Өртті сөндіруге орман шаруашылығы мен «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлері жұмылдырылған, қажетті техника тартылған.

«Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасуда», – деп хабарлады Экология министрлігі.

Бұдан бұрын Қазақстанда өткен тәулікте 22 табиғи өрт пен жану жағдайы тіркелгені хабарланған.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында құтқарушылар орман өртімен күресті жалғастырып жатқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз