Колумбия президенті зілзала зардаптарын 9,6 млрд долларға бағалады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Колумбиядағы Перейра қаласы
Перейра қаласындағы қираған ғимараттар / фото: REUTERS/Juan Felipe Leon

Колумбия президенті Абелардо де ла Эсприэлья жойқын жер сілкінісінен ел экономикасы 30 трлн песоға (9,58 млрд долларға) шығынға батты деп мәлімдеді.

Латын Америкасындағы осы елде қуаты 7,4 балдық зілзала 10 тамызда таңертең болған. Үкімет жерасты дүмпуінің шығынын есептеп жатыр. Колумбия президентінің алдын ала есептеуінше, құрылыс саласына 24,5 трлн песо, ал инфрақұрылымға 5,5 трлн песо шығын келді.

«Апат ауқымын осыдан-ақ елестете беріңіз. Бұл – алдына ала шығарылған есеп. Ол қосымша мәліметтер түскен уақытта өзгеруі мүмкін», – дейді Де ла Эсприэлья. Президент сөздерін Reuters жариялады.

7,4 балдық зілзала Колумбияның батысындағы аудандарды қиратты. Кали, Перейра секілді ірі қалалар қатты зардап шекті. Зілзаладан 280 адам қаза тапты. 4 мыңнан астам адам жараланды. Тағы 143 адам із-түссіз жоғалды.

Биыл Колумбиямен көрші жатқан Венесуэла да 7,5 балдық зілзаладан зардап шекті. Ол елдің үкіметі дүмпу зардаптарын 37 млрд долларға бағалаған.

Сондай-ақ оқыңыз