Ақмоладағы дала өрті жеті ауданға жайылып, 92 гектар жерді шарпыды
Жарияланды

Ақмола облысында тұтанған дала өрті бір тәуліктің ішінде Ерейментау, Жақсы, Целиноград, Астрахан, Егіндікөл, Аршалы және Жарқайың аудандарына тарады. 96 гектар жерде құрғақ шөп жанып кетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бірлескен жедел әрекеттердің арқасында дала өрті толықтай сөндірілді. Ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Далада тұтанған отты сөндіруге өңірдегі құтқарушылар, «Ерейментау» орман шаруашылығының қызметкерлері, Михайловка ауылының «Ауыл құтқарушылары», жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және тұрғындар қатысты.