Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қайта оралады

Өткен аптада WBO – Бүкіләлемдік бокс ұйымы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлыға бірден екі жақсы жаңалық жеткізді, деп жазады Kursiv.Media.
Спорт Шредингера ақпаратына қарағанда, оның мельдонийге байланысты дисквалификациясы қысқартылып, 10 шілдеден бастап толықтай жойылды.
Енді Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмақтағы титулға ресми үміткер атанды. Чемпион Хамза Ширазға Жәнібекпен жекпе-жек өткізу туралы 20 күн ішінде келісімге келу міндеттелініп отыр.
«Келіссөз мерзімі 20 күн… Хамза бауырымыз бұл жолы батылырақ болады сенеміз», – деп тілектестік білдірді alashsporty.
Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жекпе-жекті Нью-Йоркте өткізгісі келеді.
Айта кететін жайт, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) ресми түрде супер орта салмаққа (76,2 келі / 168 lbs) өтіп, жаңа дивизионның WBO рейтингінде бірден 2-ші орынға жайғасқан еді.