Астанада Ұлдана Мырзуан ісі бойынша сот басталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Астанада Ұлдана Мырзуан ісі бойынша сот басталды / фото: Kursiv.media Серікжан Ковланбаев

Астанада қызмет барысында қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасынан кейін қозғалған іс бойынша сот процесі басталды.

Қылмыстық істегі сотталушы Сәуле Жұбаниязова тұрғын үйдегі мүлік иелері бірлестігінің төрағасы. Жұбаниязова қылмыстық кодекстің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша айыпталып отыр.

Марқұмның анасының адвокаты күдіктілер кешірім сұрап келмегенін мәлімдеді. Сондай-ақ сотталушыдан қандай да бір өтемақы сұрау туралы нақты шешім қабылдамағанын айтты.

Сот отырысына Ұлдана Мырзуанның заңды күйеуі Әділет Зейнел де келді. Ол журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.

Еске сала кетейік, 8 қарашада Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлап, көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер түскен. Олардың бірі – Ұлдана Қалдырханқызы 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыз