УЕФА Қазақстанның 13 футбол клубына 596 мың еуродан берді

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
УЕФА Қазақстанның 13 футбол клубына 596 мың еуродан берді
УЕФА Қазақстанның 13 футбол клубына 596 мың еуродан берді / Фото: shutterstock

2025-2026 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша 13 қазақстандық клуб УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдерін алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Төлемдердің жалпы сомасы 7,754 млн еуроны (шамамен 4,15 млрд теңге) құрады. Әрбір клубқа 596 461 еуродан (шамамен 319 млн теңге) тиеді.

Ынтымақтастық төлем алатын клубтардың тізімі келесідей:

  • «Астана»;
  • «Тобыл»;
  • «Елімай»;
  • «Ақтөбе»;
  • «Жеңіс»;
  • «Ордабасы»;
  • «Оқжетпес»;
  • «Қызылжар»;
  • «Ұлытау»;
  • «Қайсар»;
  • «Жетісу»;
  • «Атырау»;
  • «Тұран».

Қаражат УЕФА талаптарына сәйкес 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қатысушы клубтарының арасында бөлінді.

Ал 2025-2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсеткен «Қайрат» клубы ынтымақтастық төлемнің орнына турнирге қатысқаны үшін сыйақы алды. ҚФФ оның мөлшерін нақтылаған жоқ, алайда британиялық Football365 порталының есебі бойынша, алматылық клуб шамамен 21,25 млн еуро (11,36 млрд теңге) табыс тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз