Мектеп терезесін сындырып кірген граната жарылып, төрт мұғалім жарақат алды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Ресейдің Мәскеу облысындағы мектепте дыбыстық граната жарылып, төрт адам жарақат алды.

Mash ақпаратына қарағанда, оқиға Щелково қалалық округіне қарасты Серково ауылындағы №21 мектепте болған.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу кезінде мектептің терезесіне дыбыстық граната лақтырылған. Ол үстелге түсіп, жарылған.

Салдарынан төрт мұғалім жарақат алған. Олар көзінен жарақаттанған, денелері сырылған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жедел қызмет мамандары жұмыс істеп, жағдайдың мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Бүгін Ресейдің барлық өңіріндегі мектептер мен балабақшаларда терроризмге қарсы оқу-жаттығу басталды. Екі күнге жоспарланған жаттығулар барысында балаларға төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігі үйретіледі.

Айта кететін жайт, мамыр айында Ресейде тоғызыншы сынып оқушысы мектепке қару әкеліп, бірнеше баланы атқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз