Ұлдана Мырзуан ісі кейінге қалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: KursivMedia

Астанада 23 жастағы жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс кейінге қалдырылды. Бұған сотталушы Сауле Жубаниязованың адвокатының соттан қосымша уақыт сұрағаны себеп болды.

фото: KursivMedia

Төрағалық етуші судья Меруерт Абаева қорғау тарапының қылмыстық іс материалдарымен танысу үшін сот отырысын кейінге қалдыру туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осылайша қылмыстық іс 20 тамыз сағат 10-да жалғасады. 

Айта кетейік, сот отырысын Жоғарғы соттың YouTube каналынан көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз