Мәңгілік ел монументінің жанында балағат ән айтқан шетелдікке айыппұл салынды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Мәңгілік ел монументінің жанында балағат ән айтқан шетелдікке айыппұл салынды/ Фото: Серікжан Қобыланбаев, бильд-редактор: Дастан Шанай

Астанада Мәңгілік Ел монументінің жанында балағат сөзі бар перформанс көрсеткен шетелдік азаматшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісінен 25 жастағы бойжеткеннің балағат сөздері бар әнге билеп, ән айтып тұрған бейнежазбасын тапқан. Бейнежазба қоғамдық мораль нормаларын бұзады деп танылды.

«Бейнеконтенттің Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылында түсіріліп, кейін әлеуметтік желіде жарияланғаны анықталды. Ангелина Ванинаға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар жиналды», – делінген хабарламада.

Сот оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Полиция өкілдері қоғамдық орындарда тәртіп нормаларын сақтау және құрметпен қарау қажеттілігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз