«Қызылжар» – «Оқжетпес» матчы басқа күнге ауыстырылды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
«Қызылжар» – «Оқжетпес» матчы басқа күнге ауыстырылды / Фото: Қызылжар ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында 22 тамызда өтуге тиіс болған «Оқжетпес» – «Қызылжар» футбол командаларының матчы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

«QYZYLJAR» футбол клубының ақпаратына сүйенсек, кездесу күнінің өзгеруіне 23 тамызға жоспарланған Құрылтай депутаттарының сайлауы себеп болды.

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2026 жылғы 28 шілдедегі хатына сәйкес, сайлаудың өтуіне байланысты бұл күнге белгіленген барлық спорттық жарыстар кейінге қалдырылуға тиіс.

«Осыған байланысты ҚПЛ арасындағы Қазақстан чемпионатының 23-тур матчтары басқа күндері өтеді. Жаңа кесте әлі белгіленген жоқ. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін тіпті еуропалық клубтық жарыстарға қатыспаған қазақстандық клубтардың өзі 2025/26 еурокубок науқанының нәтижелері бойынша Еуропалық футбол қауымдастықтары одағынан (УЕФА) ынтымақтастық төлемдерін алғаны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз