Криштиану Роналду Ташкентке келеді

Ташкенттің «Пахтакор» футбол клубы Азияның Элиталық Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы топтық кезеңде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасымен ойнайды. Бұл туралы өзбекстандық ұжымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.
Ойын 2 қараша күнге жоспарланған.
Өз алаңындағы және сырт алаңдағы ойындар
Жеребе қорытындысы бойынша «Пахтакор» өз алаңында Ташкентте тәжікстандық «Истиклол», саудиялық «Аль-Наср», ирандық «Трактор» және «Аль-Кадисия» клубтарын қабылдайды.
Ал сырт алаңда өзбек командасы «Аль-Ахли», «Эйр Форс», «Аль-Хиляль» және «Аль-Иттихад секілді Азияның азулы командаларына қонаққа барады.
«Аль-Наср» – Эр-Рияд қаласында орналасқан Сауд Арабиясының ең танымал әрі жүлделі клубтарының бірі. Команда бірнеше мәрте ұлттық чемпионаттың жеңімпазы атанған.
Халықаралық аренада да жетістіктері аз емес: 1998 жылы Азия кубок иелері кубогы мен Азия Суперкубогын жеңіп алса, 2023 жылы Араб чемпиондары кубогын еншіледі.
2022 жылы саудиялық клубқа әлем футболының аңыз шабуылшысы Криштиану Роналду ауысқан болатын.
Жақында португалиялық футболшы өзінің сүйіктісі Джорджина Родригеспен ресми түрде шаңырақ көтерді.