Астанада кісі өлтіргендердің кім екені 21 жылдан кейін белгілі болды

Полиция 20 жылдан астам уақыт бұрын кісі өлтіріп, қылмыс жасағандарды анықтап, қамауға алды, деп жазады Kursiv.Media.
Polisia.kz хабарлауынша, Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған.
«Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда», – делінген ақпаратта.
Полиция мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр. ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында екенін айтты.
Айта кететін жайт, Қостанайда ер адам әйелін өлтіріп, денесін дәретханаға жасырып, өзі екі ай бойы іздеген түр танытқан.