Әйелін ұрғандарға қандай жаза қолданылады (видео)

Президент жанындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева KursivMedia тілшісіне берген сұхбатында ауыл мен қаладағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтты. Сөзінше, қалада полиция оқиға орнына барып, хаттама толтырады. Әрі қарай ер адам жауапқа тартылады. Яғни тараптар бір-бірін танымайды.
Ал ауылда тұрмыстық зорлыққа қатысты көзқарас басқа. Әлі де дауды үйден шығармау керек деп санайтындар бар. Тіпті учаскелік полиция ерлі-зайыптыны татуластыратын жағдай кездеседі.
«Күйеуіңнің сотталғанын не істейсің?» дегеннен кейін әйел шағымы жоқ екенін айтады. Содан «арамызда ұрыс-керіс болмады, татумыз» дейді. Бұл да заң қатайғанының салдарының бірі. Ұрып-соғу (жеңіл жарақат) қылмыс болып саналмайды, яғни соттылық болмайды», – дейді уәкіл.
Ресми дерек бойынша күніне полицияға түсетін қоңыраудың 20%-ы отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қатысты болады.
«Үй ішінде дау шығару — әкімшілік жаза. Бұл жерде айыппұл не бірнеше тәулікке қамау қарастырылған. Әрі қарай ұрып-соғу — қылмыстық құқық бұзушылық. Ол үшін айыппұл салынады не қамалады. Егер салдары ауыр болса, қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Қасақана зиян келтірсе, орташа есеппен 2-3 жылға сотталады», – деді Снежанна Имашева.
Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне назар аударылып отырғанын айтты.
«Жыл басында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заң шықты. Оның қолданылуына келсек, ұсақ-түйек мәселе шығады. (Әйеліне қол көтергеннен кейін) Қорғау нұсқамасын алса да, оны орындамайтындар бар. Одан кейін сол әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қорғау хаттамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізейік деген ұсыныс бар. Алайда мұны әлі де зерттеу керек», – дейді Имашева.
Қазір қоғамда Жамбыл облысында тұрған 19 жастағы Мадина Рашидқызының оқиғасы талқыланып жатыр. Марқұм құрбысы Зейнеп Мұсахожановаға хабарлама жазып, «Барни» үшін күйеуінен таяқ жегенін жазған.