Павлодар облысындағы алкилат өндіретін зауыт 2027 жылы ашылады

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
фото: Энергетика министрлігі

Павлодар облысындағы алкилат өндіретін зауыт 2027 жылы ашылады. Алкикат – К5 стандартына сәйкес келетін таза бензин өндіруде пайдаланылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жоба құны 35,5 млрд теңгені құрайды. Соның 26 млрд теңгесін «Қазақстан Даму Банкі» арзан пайызбен қарызға берген.

Зауыт құрылысы 2024-2029 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібін қолдау бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Ал 9,5 млрд теңгесі – инвестордың қаржысы.

Зауытты «INTERTRANS C.А.» компаниясы салып жатыр. Оның бес құрылтайшысы бар:  Арайлым Хамитова, Әділ Мағауов, Шейко Денис, «Тимос ЛТД» және Prime Petrochemicals жеке компаниясы.

Prime Petrochemicals компаниясына Азат Ермембетов пен Мұрат Құдиярбек иелік етеді. Ал Азат Ермембетов RBK Bank-тің бұрынғы акционері.

Жоба жылына 110 мың тонна бутан-бутилен фракциясынан 97,6 мың тонна алкилат өндіруді көздейді.  

Шикізатты жоғары октанды бензин өндіретін отандық зауыттар пайдаланады. Сонымен қатар экспортқа да шығарылмақ.

Бұған дейін Forbes тізіміндегі миллиардердің компаниясы алғашқы карбамид зауытын салатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз