Италияның сән үйін Қарағандыдағы Ұлттық ұланға айырбастады

Халықаралық сән подиумдарында әйгілі әлемдік брендтердің подимуына шығып, модель болған Шыңғыс Таңатпаев Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеп жүр.
Ол модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Сымбаты мен келбетінің арқасында сән индустриясында жоғары жетістіктерге жеткен. Ол Францияның әйгілі Pierre Cardin сән үйінің, сондай-ақ Италияның Federico Barrazzo мен Sauvage Multi брендтерін халықаралық подиумдарда таныстырып, Еуропа елдерін шарлаған.

Енді Шыңғыс Таңатпаев Қарағанды қаласындағы 5451 әскери бөлімінде қызмет етеді.
«Уақыт өткеннен кейін Қазақстанға қайта оралып, борышымды өтеуім керек дедім. Ұлттық ұлан қатарына қосылдым. Бұрын әлемдік дизайнерлердің киімін кисем, қазір үстімдегі әскери форманы мақтаныш етемін», – дейді сарбаз.
Қазір Қарағандыдағы Ұлтық ұлан әскерилері қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылайды. Қызмет барысында адасқан балаларды ата-анасымен қауыштырып, жоғалған бағалы заттарды иелеріне қайтаруға да көмектеседі.
Жалпы елдің 21 қаласында 7 мыңнан астам ұландық күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті күзетеді. Оның 250-ден астамы Қарағандыда қызмет етеді.
Оқи отырыңыз: Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіздер қызмет атқарып жүр