Дастан Сәтбаев like жинау жарысында Златан Ибрагимовичті артта қалдырды

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Дастан Сәтбаев пен Златан Ибрагимович
Лүпіл басудан қазақ жанкүйерлері алда келеді / коллаж: Kursiv.Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Үлкен спортпен қош айтысқан 44 жастағы швед Златан Ибрагимович пен 18 жастағы қазақ футболшысы Дастан Сәтбаевтың жанкүйерлері Threads әлеуметтік желісінде like жинаудан жарысты.

Әлем чемпионаты барысында Fox Sports телеарнасының басты сарапшысы ретінде қызмет атқарған Златан жұмыс барысында түсірілген бірнеше сурет жариялап, оны «Табысқа сай киіну» деп айдарлады. Өзін мақтаудан алдына жан салмайтын Ибрагимовичтің кейде өзін «Қаладағы жаңа шериф» деп таныстыратыны да бар.

Әлемде швед спортының ардагері атанып үлгерген футболшының жанкүйерлері жетерлік. Дегенмен қазір есімі әлеуметтік желіде көп аталып жүрген Дастан Сәтбаевтың артында миллиондаған қазақ жанкүйері тұр. Оның Threads-тегі фан-аккаунты жас футболшының суретін жариялап, like жинаудан жарысқа шақырды.

«Біздің Дастан сенен көп like жинайды», – деп ұрандатты желідегі қазақтар.

View on Threads

Бір тәуліктен аз уақыттың ішінде Златанның 15 суреті 10,5 мың like жинаса, Дастаның жалғыз суретіне 43,6 мың адам лүпіл басты.

«Қазақтар футбол ойнап жарытпаса да, like жинаудан алдына жан салмайды», – деп мойындады желі бенсенділерінің бірі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл тамызда 18 жасқа толған Дастан Сәтбаев алматылық «Қайрат» клубынан лондондық «Челси» клубына ауысқан. Дегенмен ағылшын командасы дарынды футболшыны тәжірибе жинау үшін «Бернли» клубына жалға беріп қойды. Соған байланысты кеше ғана «ақсүйектерге» болысқан миллиондаған жанкүйер енді «клареттердің» сойылын соғып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз