Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қайта кездеспекші

Қытайдағы Азия-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық саммиті аясында Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі мүмкін. Әзірге бұл ресми нақтыланған жоқ. Дегенмен дереккөздеріне сілтеме жасаған Wall Street Journal осылай жазды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Кездесу осы жылы күзде өтуі мүмкін. АҚШ президенті Шэньчжэнге барып, саммит қонағы болмақ. Трамп осы кездесуде КХДР көшбасшысымен ашық сөйлесіп, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер жүргізбек. Дегенмен сарапшылар бұл кездесудің нәтиже беретініне сенімсіз деп жазады басылым. Соңғы жылдары Солтүстік Корея ядролық және зымыран қуатын едәуір күшейтіп жатыр.
Сеул Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы келіссөздердің қайта жандануын жалпы қолдайды, себебі бұл Корей түбегіндегі шиеленісті азайтуға көмектеседі деп үміттенеді.
Дегенмен Оңтүстік Корея қауіптенетін де дүние бар. Егер АҚШ пен Солтүстік Корея өзара келісімге келіп, Пхеньянды ядролық мемлекет ретінде іс жүзінде мойындаса, бұл Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қойылатын талаптар тым жеңіл болса да, Сеул үшін қауіп арта түседі.
Бұған дейін Доналдьд Трамп бірінші рет президент болып сайланғанда Ким Чен Ынмен бірнеше рет кездескен.
Оқи отырыңыз: Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы зымыран жүйесінің бас директоры атанды