Ресейде өрт кезінде Қазақстан азаматы қаза тапты

15 тамызда Ресейдің Омбы қаласында құрылыс алаңында өрт шығып, Қазақстан азаматы қаза тапты. Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады, деп жазады kursiv.media.
«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде жылытқыш материалдың тұтануынан шыққан. Оқиға орнынан мердігер ұйымның 11 құрылысшысы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің үшеуі үйіне жіберіліп, екі құрылысшы көз жұмды.
ТАСС дерегі бойынша, қаза тапқан Қазақстан азаматының денесін 70 пайызын күйік шалған.
Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.
«Омбыда 15 тамызда болған өрт салдарынан қаза тапқан Қазақстан азаматы Максим Багинскийдің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығы қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр, соның ішінде құжаттарды ресімдеуге және азаматтың қаза болу мән-жайлары бойынша Ресейдің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесуде», – деп хабарлады ведомстводан.
СІМ қаза тапқан азаматтың отбасымен тұрақты байланыста екенін және өз құзыреті шеңберінде тиісті көмек көрсетіп жатқанын достықпен жеткізді.