Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігі тағы да бірнеше күнге жабылады

Алматы қаласында Ораз Жандосов көшесіндегі қозғалыс тағы да шектеледі, деп хабарлайды Kursiv.Media мегаполис әкімдігіне сілтеме жасап.
Қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 19 тамыз сағат 23.00-ден 23 тамыз сағат 23.00-ге дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.

«Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, жылдамдық режимін және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімдері ауа райы жағдайына және өндірістік қажеттілікке байланысты түзетілуі мүмкін», – делінген хабарламада.
Бұл учаскедегі қозғалыс 11 тамыздан 15 тамыз түнге дейін шектелген еді.
Айта кетейік, осыған дейін 11 тамыз сағат 20:00-ден 15 тамызға дейін Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік қозғалысы толығымен жабылатыны туралы жазған едік.