Құтқарушылар Алматы тауларынан адамның мәйітін түсірді

Алматы облысы Талғар ауданындағы, Северцев мұздығы аумағында шамамен 3400 метр биіктіктен шетелдік туристер белгісіз адамның мәйітін тапқан, деп хабарлайды Kursiv.Media.
ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына барып, мәйітті таудың жетуі қиын бөлігінен эвакуациялады. Оны жеткізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.
«Эвакуациядан кейін мәйіт қаза тапқан адамның жеке басын анықтау және болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы облысының жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылды», – деп нақтылады ТЖМ.
Министрлік таулы аймақтарға жорық жоспарлау кезінде маршрутты алдын ала зерттеуді, ауа райы жағдайларын ескеруді, өзінің физикалық мүмкіндіктері мен дайындық деңгейін объективті бағалауды ұсынды.
Сондай-ақ, жақындарына жоспарланған маршрут пен қайту уақытын хабарлау, байланыс құралдары мен қажетті жабдықтарды өзімен бірге алып жүру, төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.