Қарағандыда табиғи өрт екі тікұшақтың көмегімен оқшауланды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Қарағандыда табиғи өрт екі тікұшақтың көмегімен оқшауланды / Фото: ТЖМ

Қарағанды облысының Шет ауданында Үңірек ауылының маңында табиғи өрт сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 650 гектарды құрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ТЖМ мәліметінше, жалын 613,6 гектар аумақтағы құрғақ шөпті, сондай-ақ Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы аумағында орналасқан орман қорының учаскесін шарпыған. Қызыл жалынның одан әрі орман алқаптарына таралу қаупінің алды алынды.

Таулы-бөктерлі рельеф, бөлек учаскелердің өтуге қиындығы және қатты жел өртті өшіруді қиындатты. Қашықтағы ошақтармен күресу үшін ТЖМ авиациясы тартылды.

«Су төгу құрылғылары бар екі тікұшақ 26 рет су тастады. Өрт ошақтарына барлығы 78 тонна су төгілді. Сондай-ақ өртті жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылықтарының және басқа да қызметтердің 310-ға жуық адамы мен 44 техникасы қатысты», — деп хабарлады ТЖМ.

Қазіргі уақытта мамандар бықсып жатқан жерлерді жойып, аумақты суғаруда. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Айта кететін жайт, 17 тамызда Қазақстанда 12 орман өрті анықталды. 

Сондай-ақ оқыңыз