
19 тамызда KASE индексі қайтадан 8 мың пункттен жоғары көтерілді. Сауда қорытындысында индекс 15,12 пунктке немесе 0,19%-ға өсіп, 8 012,83 пунктті құрады. Күн ішінде көрсеткіш 7 987,37–8 027,30 пункт аралығында қозғалды. KASE дерегінше, индекстің тарихи максимумы әзірге 8 101,99 пункт болып қалып отыр.
19 шілдедегі сауда қор нарығының көшбасшысы – Halyk Bank. Банктің акциясы алдыңғы сауда күніндегі 392,02 теңгеден 399,50 теңгеге көтерілді. Close-to-Close есептеуде өсім 1,91% болды.
Екінші орында Kaspi.kz тұр. KSPI акциясының индексті есептеуге пайдаланылатын жабылу бағасы 44 868 теңгеден 45 494,02 теңгеге көтерілді – бір күндік өсім шамамен 1,40%. KEGOC пен ҚазМұнайГаздың Close бағалары шамамен 0,21%-дан өсті. KASE-нің 19 тамыздағы ресми өкілдік тізімінде осы күнгі Close бағалары 1 429,02 және 34 861,80 теңге деп көрсетілген.
Air Astana +0,13%, Kcell +0,12% өсті. ҚазТрансОйл −0,17%, Қазақтелеком −0,33%, Банк ЦентрКредит −0,74% төмендеді. Осылайша KASE индексіндегі 10 акцияның алтауы өсіп, төртеуі арзандады.
Күннің ең әлсіз акциясы – Қазатомөнеркәсіп. KZAP жабылу бағасы 33 566 теңгеден 32 998,98 теңгеге түсіп, бір күнде 1,69% арзандады. Соған қарамастан Halyk Bank пен Kaspi.kz акцияларының өсімі индекстің күнді плюспен аяқтауына ықпал етті.